12
декабрь
2025
«Болашаққа дұрыс таңдау – есірткісіз өмір» тақырыбында эссе байқауы
Мектебімізде 9 сынып оқушылары арасында «Болашаққа дұрыс таңдау – есірткісіз өмір» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтына деген көзқарасын қалыптастыру, нашақорлықтың зиянды әсерін түсіндіру және зиянды әдеттерден аулақ болуға бағыт беру. Байқау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, эссе арқылы есірткінің адам өміріне, денсаулығына және қоғамға тигізетін кері әсерін жан-жақты ашып көрсетті. Сонымен қатар, дұрыс таңдау жасау, өмірдің құндылығын бағалау мәселелері кеңінен қамтылды. Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.