25
ноябрь
2024
Өмірге салауатты қадам тренинг

8-11 сынып оқушыларына арналған «Өмірге салауатты қадам» атты тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттыру, психологиялық тұрғыда қолдау көрсету және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыру.
Тренинг барысында:
- Салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы ақпарат берілді;
- Өмірлік қиындықтарды жеңуге көмектесетін психологиялық жаттығулар жүргізілді;
- Қатысушылар арасында сергіту ойындары мен топтық тапсырмалар ұйымдастырылды;
- Жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыруға бағытталған практикалық жаттығулар өткізілді.