27
ноябрь
2025
«Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет байқауы
Мектебімізде 8 сынып оқушылары арасында «Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың зияны туралы түсінік қалыптастыру және зиянды әдеттерге қарсы көзқарас қалыптастыру. Байқау барысында оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, сурет арқылы нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зиянын бейнеледі. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.