03
ноябрь
2023
"Алтын тұғыр" олимпиадасы
2023 жылдың 3 қараша күні мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Алтын тұғыр" республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 51 ұстаз қатысты, мектебімізден Г.Кожахметова мен Ж.Жаркенова қатысты. Олимпиаданың мақсаты -бастауыш пән мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Өткізу шарттары: 120 астрономиялық минут (2сағат) беріледі. Бағалау көрсеткіші 100 ұпай. І бөлім. "Бос орынды толтыр". ІІ бөлім. "Дұрыс жауабын таңдау сұрақтары" III бөлім."Есепте, дәлелде".