18
декабрь
2025
АПҚО: Буллинг / кибербуллинг, лудамания, нашақорлықтың алдын алуда баланың мінез – құлқын қалыптастыру
Сарыөзек орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес 10–11 сынып ата-аналарымен
«Буллинг / кибербуллинг, лудамания, нашақорлықтың алдын алуда баланың мінез–құлқын қалыптастыру» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы қауіпті мінез-құлық түрлері туралы ақпараттылығын арттыру, баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді ерте анықтау және алдын алу жолдарын түсіндіру.
Іс-шара барысында ата-аналармен ой қозғау сұрақтары арқылы жасөспірім кезеңінің ерекшеліктері талқыланып, буллинг, кибербуллинг, лудамания және зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен белгілері қарастырылды.
Топтық жұмыстар арқылы ата-аналар нақты өмірлік жағдаяттарды талдап, отбасындағы сенімді қарым-қатынастың, ата-аналық бақылау мен қолдаудың маңызын анықтады.
Сабақта кейс стади әдісі қолданылып, баланың мінез-құлқындағы жасырын қауіптерді байқау, ата-ананың алғашқы әрекеті және мектеп пен мамандардың көмегін тиімді пайдалану жолдары ұсынылды.
Іс-шара соңында ата-аналар баланың қауіпсіздігі мен болашағы ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігі екендігін атап өтіп, кері байланыс жасады. Қатысқан ата - ана саны 45.