«Алкоголизм, нашақорлық профилактикасы және олардың салдары» тақырыбында ата-аналарға консультация
Тақырыбы: «Алкоголизм, нашақорлық профилактикасы және олардың салдары» тақырыбында ата-аналарға консультация
Өткізу мерзімі: 15.10.2024
Қатысушылар: Ата-аналар
Ұйымдастырушы: Сынып жетекшілер
Мақсаты:
Ата-аналарға алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы түсінік беру, олардың зиянды әсерлері мен салдары жайлы ақпараттандыру, жасөспірімдер арасындағы тәуекел факторларын анықтау және алдын алу жолдарын көрсету.
Өткізілу барысы:
Ата-аналарға арналған консультация барысында мамандар алкоголизм мен нашақорлықтың физикалық, психологиялық және әлеуметтік салдары туралы баяндама жасады. Балалар мен жасөспірімдердің зиянды әдеттерге бейім болуының негізгі себептері талқыланып, оларды болдырмау үшін ата-аналардың атқаратын рөлі түсіндірілді.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- Алкоголизм мен нашақорлықтың ағзаға тигізетін кері әсерлері;
- Бұл зиянды әдеттердің отбасы мен қоғамға ықпалы;
- Ата-аналардың алдын алу шаралары бойынша атқаратын міндеттері;
- Балалармен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы;
- Нашақорлықтың алдын алу бойынша құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау мекемелері тарапынан көрсетілетін көмектер.
Ата-аналарға балаларының мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау және қажет болған жағдайда мамандарға жүгіну қажеттілігі туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, қатысушылар сұрақтарын қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

