25
август
2024
Педагогикалық ұжым жиналысы
Мектепте жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуына орай педагогикалық ұжымға жиналыс өткізілді. Мектеп директоры Салтанат Жалқынқызы педагогтерді «2024-2025 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік-нұсқау хатының жобасымен таныстырды. Сонымен қатар «Білім класс» электронды журналды қолдану бойынша, «Цифрлі ұстаз» жобасы туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мектеп директоры бүгінгі күнге өзекті болып тұрған білім алушылардың білім сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар туралы, білім алушылардың тәртіптері, тәрбие жұмыстары, әдістемелік жұмыстарға, білім беруді жақсарту үшін жасанды интеллектіні қолдану, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу болатыны туралы айтты. Сонымен қатар, ұстаздарға әдістемелік нұсқау хаттың алдағы оқу жылында білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз етуде әдістемелік қолдау болатынын айтып, сенім білідірп, үміт артты




