02
ноябрь
2023
№3 педагогикалық кеңес
Мектепте 2 қараша күні №3 педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Артыкпаева І – тоқсан оқу тәрбие процесінің жүргізілуі, білім сапасының нәтижесі туралы, ІТ маман А.Адылханова « Kundelk kz» электронды журналын толтырылуы туралы,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тұрақбай, әлеуметтік педагог Л.Айдосова мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы туралы,
оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Артыкпаева ҰБТ –ге, ББЖМ-ға, мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарының жай күйі
оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Алеаскар ғылыми конкурстарға қатысудың нәтижелері туралы баяндады. Педагогтарға мектеп директоры көкейкесті сұрақтар қойып, жауаптар алынды, педагогикалық кеңестің қаулылары шығарылды.