04
сентябрь
2023
10 сынып білім алушыларымен мектеп директоры Салтанат Жалқынқызы диалог арқылы пікірлесу жүргізді.
Бүгін мектепте 10 сынып білім алушыларымен мектеп директоры Салтанат Жалқынқызы диалог арқылы пікірлесу жүргізді. Пікірлесуде білім мен тәрбие – егіз ұғым екендігі туралы, ҰБТ – білім сынағы екендігі туралы сөз қозғалды. Салтанат Жалқынқызы әр баланың тәрбиесіне,білім деңгейіне, потенциалына тоқталып, мотивация берді. Сонымен қатар өткен 2022-2023 оқу жылындағы мектеп түлектерінің жыл бойы ҰБТ-ға дайындығы мен жақсы нәтижесі туралы баяндады. Мектеп түлектері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Түлектер өз ойларын ортаға салып, дайындықтарын күшейтендігі туралы айтылды.