07
апрель
2025
«Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы» жаднамалар мен ескертпелер тарату

Тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы» жаднамалар мен ескертпелер таратуӨткізу мерзімі: 07.04.2025
Қатысушылар: Ата-аналар
Ұйымдастырушы: Педагог –психологтар А.Сейтқұл, С.Байсалбаева, ДТЖО А.Сұлтан
Мақсаты:
Ата-аналарға балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын сақтау, олардың эмоционалды жағдайын бақылап, әртүрлі стресстік жағдайларда қолдау көрсету туралы ақпарат беру.
Өткізілу барысы:
Сәуір айында ата-аналарға балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қорғау мақсатында арнайы жаднамалар мен ескертпелер таратылды. Жаднамаларда жасөспірімдердің психологиялық жағдайына әсер ететін факторлар, олардың эмоциялық және мінез-құлықтық өзгерістері, сондай-ақ ата-аналардың психологиялық қолдау көрсету жолдары туралы ақпараттар қамтылды.