29
апрель
2024
Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет аурухана қызметкерлерімен кездесу

Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде. Елімізде де нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуде.
Бүгін мектебімізде денсаулық сақтау орталығының маманымен «Нашақорлық — қауіпті індет, алдын алу міндет» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті. Кездесуде тақырып бойынша қажетті ақпараттар беріліп, арнайы таныстырылым мен бейнероликтер көрсетілді.
— Есірткі – адамның өміріне жақсылық әкелмейтінін сіздер жақсы білесіздер. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Сондықтан жастар, өздеріңізді Қазақстанның болашағы екендіктеріңізді сезіне отырып, нашақорлыққа қарсы күресуіміз керек. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек! — деді кездесуге келген аурухана қызметкері.
Нашақорлық – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет. Қазақстанның жарқын болашағы үшін біз нашақорлыққа қарсы аянбай күресуіміз керек!