19
декабрь
2025
"Менің отбасым" шығарма жазу
2025 жылдың 19 желтоқсан күні Сарыөзек орта мектебі МДШО-да жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу жөніндегі жоспарға сәйкес «Менің отбасым» тақырыбында шығарма жазу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтар туралы түсінігін кеңейту, жеке шекараны құрметтеу, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ балалардың өз ойларын еркін әрі ашық жеткізу дағдыларын дамыту. Шығарма жазу барысында оқушылар отбасының рөлі, ата-ана қамқорлығы, өзара сыйластық және қауіпсіз орта туралы ойларымен бөлісті. Бұл жұмыс балалардың эмоционалдық жағдайын бақылауға және олардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді ерте анықтауға мүмкіндік берді.

