18
сентябрь
2025
«Мектеп – ата – ана – бала: бірлескен жауапкершілік» ата -аналар жиналысы
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 17 қыркүйек күні мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыстың тақырыбы: «Мектеп – ата – ана – бала: бірлескен жауапкершілік» Күн тәртібіндегі мәселелер
1. Бала тәрбиесі: Бірге шешім іздейік! (Кейс – стади)
2. Мектеп Жарғысы және ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру туралы (2025 – 2026 оқу жылына мектеп формасын 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа сәйкес болуы туралы,құқықбұзушылық, мектепішілік есепке алу тәртібі және т.б.)
3. Буллингтің алдын алу мақсатында «Досболlike» бағдарламасының іске асыру туралы
4. Оқушыларға тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру және «Мектепке жол» Республикалық акциясына, жалпыға бірдей білім беру айлығына байланысты атқарылып жатқан іс-шаралар туралы
5. «Ата – аналарды педагогикалық қолдау» орталығының және «Даналық мектебі» жобасы аясында атқарылатын іс – шаралар туралы
6.Мектепішілік ата – аналары комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы – сайлау
7. Әртүрлі мәселелер (Жеке қауіпсіздік сабақтарының өтілуі, жол қауіпсіздігі, түнгі рейдтік шаралар, бала қауіпсіздігі және т.б.)
Сонымен қатар ата – аналарға мектеп формасы және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында жаднамалар таратылды.