22
январь
2025
Даналық мектебі: "Жеңге – мінезімен көркем" кездесуі
**📢 Даналық мектебі: "Жеңге – мінезімен көркем" кездесуі 📢**
Бүгін **Даналық мектебі** жобасы аясында 9-11 сынып оқушыларының жеңгелерімен жылы жүздесу өтті. 💫
Бұл кездесуде жеңгелеріміз қазақы дәстүріміздегі жеңгелік институтының маңызын, тәрбиелік мәнін әңгімелеп, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. 💛 Оқушыларымыз жеңгелерінің ақыл-кеңестерін тыңдап, олардың өмірлік құндылықтары мен отбасындағы орнын тереңірек түсінді.
✨ **Жеңге – тек ағайынның жары ғана емес, отбасының ұйытқысы, үлкен мен кішінің арасын жалғаушы, ізеттілік пен парасаттылықтың үлгісі.**
Осындай тағылымды кездесулер жастарымыздың рухани-адамгершілік тәрбиесіне оң ықпал етері сөзсіз. 💕

