06
январь
2025
Директор жанындағы кеңесте "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында жүзеге асырылып жатқан "Балалар кітапханасы және оқуға құштар мектеп" жобасының I жарты жылдық есебі
2025 жылдың 6 қаңтар күні директор жанындағы кеңесте "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында жүзеге асырылып жатқан "Балалар кітапханасы және оқуға құштар мектеп" жобасының I жарты жылдық есебі ұсынылды. Жоба аясында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапхананың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Жобаның нәтижесінде балалардың оқу дағдылары мен танымдық қызығушылығы елеулі түрде өсті.





