03
октябрь
2024
Ұстаздар мерекесіне орай педагогтер марапаты
3 қазан күні мектепішілік "ҰСТАЗ ҰЛЫ ТҰЛҒА!" атты салтанатты жиында Кербұлақ аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Жакишева, бастауыш сынып мұғалімі Б.Болғанбекова, көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.Мурзашева, аудандық кәсіподақ ұйым төрағасының Құрмет грамотасымен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері А. Жаксыбаева мен А.Омар, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Е.Ауезхан, аудандық "АМANAT" партиясының Құрмет грамотасымен математика пәнінің мұғалімі Қ. Омарбаева мен тәрбиеші М.Жолаева, Ауыл әкімі А. Баядиловтың Құрмет грамотасымен информатика пәнінің мұғалімі А.Адылханова мен математика пәнінің мұғалімі Ж.Тунгатарова, химия пәнінің мұғалімі А.Құрманғали, Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Бекбатырованың Құрмет грамотасымен география пәнінің мұғалімі М.Аманбай марапатталды. Сарыөзек орта мектебінің директоры С.Имуханбетованың Құрмет грамотасымен көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.Мурзашева, математика пәнінің мұғалімі Қ.Омарбаева, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б. Еламанов марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын!!!







