Құрметті ата- аналар, қымбатты ұстаздар және білім алушылар! Баршаңызды бүгінгі «Отбасы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасы
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"Сарыөзек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 33-1-44
Есепші бөлімі:
+7(72840) 33-1-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ата- аналар, қымбатты ұстаздар және білім алушылар! Баршаңызды бүгінгі «Отбасы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
15
май
2023

Құрметті ата- аналар, қымбатты ұстаздар және білім алушылар! Баршаңызды бүгінгі «Отбасы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ата- аналар, қымбатты ұстаздар және білім алушылар!
Баршаңызды бүгінгі «Отбасы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Қазақта сөз бар: Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды - деген. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік
пен ізгіліктің негізі қаланады.
Отбасының ең басты құндылығы – күнделікті өмірінен білініп жүрген
патриоттық сезімі, үлкендерді құрметтеумен байланысты және бала
тәрбиесінде, оқуда, еңбекте көрсетілген рухани - өнеге негіздерін ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастыруы. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен
мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды.
Отбасы – бақыт пен шаттықтың, берекелі бірліктің алтын қазығы. Ұл тәрбиелеп отырып біз - жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз - деген сөз бар, сондықтан, ұлымыздың да қызымыздың да тәрбиесімен мектеп, мұғалім және ата-ана бірлесіп бірге тәрбиелеу –біздің басты міндетіміз екенің ұмытпаған жөн. Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі. Әрбір шаңырақтағы береке – түптеп келгенде, тұтас
бүкіл елдің, мемлекетіміздің берекесі - деп білу керекпіз!
Баршаңызға отбасы күні мерекесі құтты болсын, халқымызға бейбітшілік
пен тыныштық, шаңырақтарыңызға бақыт, табыс тілеймін!
Баласына жақсы тәрбие беретін ата-аналар көбейе берсін!
Мектеп директоры Салтанат Жалқынқызы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив