ҰБТ туралы » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасы
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"Сарыөзек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 33-1-44
Есепші бөлімі:
+7(72840) 33-1-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
май
2017

ҰБТ туралы

ҰБТ, емтихан нұсқауларымен таныстыру, жоспарлау туралы АНЫҚТАМА


Ұлттық біріңғай тестілеу- жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі.

Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталғандай, қолданыстағы ҰБТ форматын жетілдіру мақсатныда ҰБТ рәсімін мектептегі қорытынды аттеттаттау және жоғары оқу орындарына түсу емтиханына бөлу, сонымен қатар, әрі қарай оқу қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, ағылшын тілін меңгеруін, базалық біліктілігін анықтауға бағытталған тестілеудің қолдану шеңберін кеңейту қарастырылады. Сол себепті, 2016-2017 оқу жылынан мектепті бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын ҰБТ жаңа форматы енгізілді. Бітіру емтиханы мен ҰБТ тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2016 жылға бұйрықтарымен /08.01.2016 жылдың №13б, 06.04.2016жылғы №251б/ бекітілген оқулықтары материалдары бойынша іске асырылатын болды. Мектеп бойынша 11 сыныпта 18 оқушы бар. Оның ішінде бір оқушы үйден оқытылады. /Аблайханова Жанель/ 17 түлек ҰБТ –ға қатысуға өтініштерін білдіріп отыр.

11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі.

1.Ана тілі және әдебиетінен /оқыту тілі / Эссе нысанында жазбаша емтихан: 3 –тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Берілетін уақыт 3 сағат. Болатын күні 29.05.2017 жылдың

2.Алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан: 5 тапсырмадан тұрады. 5 сағат беріледі.

3.Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан: билетте 3 сұрақтан болады. Екеуі Қазақстан тарихынан, үшінші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма. Дайындалу үшін 20 минут беріледі. 05.06.2017

4.Орыс тілінен тестілеу 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады. Лексика грамматика-20 тест, тыңдалым -10 тест, оқылым-10 тест. 80 минут уақыт беріледі. 01.06.2017

5.Таңдау бойынша бір пәннен тестілеу. /физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі, информатика/. Тест 40 тапсырмадан тұрады, берілген бес жауаптың біреуі дұрыс. 80 минут уақыт беріледі.

 

ҰБТ-ді өткізу - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 16.11.2016 жылға №660 бұйрығымен бекітілген Қорытынды аттесттатау барысында тестілеуді өткізу ережесі бойынша жүргізіледі.






Алдағы уақыттағы міндеттер:

1.Қорытынды аттесттатауға дайындық жұмыстары өз деңгейінде жүргізу, әкімшілік тарапынан қатаң бақылауға алу.

2.Қорытынды аттесттатау кезінде емтихан алынатын пәндер бойынша пән мұғалімдері күнделікті қосымша сабақтар өткізу, оқушылардың толық қатысуы сынып жетекшілеріне жүктеу.

3.Қосымша сабақтар қорытындысы негізінде сараптама жұмыстарын жасау.

Шешімге ұсыныстар: 

1.ҰБТ, емтихан нұсқауларымен таныстыру, жоспарлау туралы оқылған анықтама назарға алынса.

2.ҰБТ мен қорытынды аттесттатауға дайындық жұмыстары жан-жақты жүргізілсе.

3.Алдағы уақытағы қойылған міндеттердің өз уақытында орындалуы қатаң бақылауға алынса.

 

 

Дайындаған: оқу –тәрбие жөніндегі орынбасары 

А.Артыкпаева 


 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив