09
октябрь
2023
Кербұлақ ауданының әкімі Қ.Есболатов мектеп ұжымын бағалы сыйлықпен марапаттауы
Облыс әкімінің қолдауымен өткен «Ең үздік ауыл мектебі-2023» облыстық байқауда Сарыөзек орта мектебінің ұжымы жүлделі 3-орынға иеленіп, Жетісу облысының басқарма басшысы М. Сулейменов 300 мың тг сертификатты табыстаған болатын. Аталған байқаудың мақсаты: шығармашылықпен,озық инновациялық режимде жұмыс істейтін білім беру ұйымдарын анықтау,тәжірибиесін насихаттау. «Ұстаздар мерекесіне» орай Кербұлақ ауданының әкімі Қ.Есболатов мектеп ұжымына бағалы сыйлық «Теледидар» табыстап, мектеп директоры Салтанат Жалқынқызына толағай шығармашылық табыстар тіледі. Аудан әкіміне ұжымның атынан алғыс білдіреміз!