Сарыөзек орта мектебі-шағын орталықтың тарихы » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасы
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"Сарыөзек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 33-1-44
Есепші бөлімі:
+7(72840) 33-1-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сарыөзек орта мектебі-шағын орталықтың тарихы
10
май
2017

Сарыөзек орта мектебі-шағын орталықтың тарихы

Сарыөзек орта мектебі-шағын орталықтың тарихы



1970 жылдарға дейін қазіргі мектептің орнында ескі үйлерде 4 жылдық бастауыш мектеп болған. Кейін 8 жылдық мектеп болды. 
1978-1985 жыдары мектептің директоры болып Мартиросова Амалия Арамовна жұмыс істеді. Қазіргі мектеп ғимараты 1987жылы салынып бітіп, қазан айында Ұлы Октябрь революциясының 
70 жылдығына орай ашылу рәсімі өтті. Мектеп көлемі - 5649 шаршы метр,үш қабатты, 24 оқу кабинеті бар. Бұл мектепті сол кездегі Қорғаныс Министрлігі салып, 372 Новгородтық дивизия атауын берді. Бұл мектеп қорғаныс министрліғінің құзырында болатын. 
Осы кезден бастап 1991 жылға дейін мектепті Сырочева Людмила Яковлевна басқарды. 
1991жылдан 1994жылға дейін мектеп директоры болып Береговой Владимир Васильевич жұмыс істеді. 
1994 жылдың қыркүйек айынан бастап 2000 жылға дейін мектепті басқарған -Бірімжанов Талғат Шәріпұлы.
 1995 жылы мектеп жергілікті әкімшілік құзырына өтті.Осы жылдардан бастап мектепте қазақ сыныптары ашылды. 
2001-2003 жылдары мектеп директоры болып Әльмухамбетов Мәулен Бимакимұлы жұмыс істеді. 
2003-2005 жылдары мектепті Нұрмухамбетов Сапар Жумабайұлы басқарды. 
2005-2008 жылдары мектеп директоры болған Оңалбаев Байғали
Сейткалиұлы.
2008 жылдан мектепті басқарып отырған Қыстаубаева Камшат Болатқанқызы.
2010жылы Сарыөзек орта мектебінің сыртына күрделі жөндеу жүргізіліп,і,шатыры ауыстырылды, мектептің айналасы қоршалды.
2011 жылы ғимараттың іші толық күрделі жөндеуден өтті.
2010 оқу жылында мектеп жанынан «Балауса» шағын орталықтың ашылуына байланысты мектебіміздің атауы «Сарыөзек орта мектебі-шағын орталық »болып атауы өзгертілді.
Мектептің оқыту тілі-қазақ және орыс тілі. Оқушылар 29 класс комплектісіне бөлініп, 30 оқу кабинеттерінде екі ауысымда оқиды. Мектепте талапқа сай мәжіліс залы, спорт залы бар. Компьютерлермен жабдықталған бір информатика кабинеті, лингафонно-мультимедиялық және физика кабинеттері бар.
Мектебімізде бір кітапхана бар. Кітапхана қорында 21460 дана кітап бар. Оның ішінде мектеп оқулықтары 16828 дана. Жаңа буын оқулықтарының саны -14694. 
Жалпы мектеп бойынша 244 электронды оқулық болса, соның ішінде әр пән бойынша қазақ тілінде шыққаны-97, ал қазақ тіліне арналғаны-27.
Мектеп кітапханасы оқушылар мен мұғалімдерге қызмет етеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив